Арқалыққа қари келді

   Арқалыққа қари келді

Жыл он екі айдың сұлтаны болған қадірлі де қасиетті рамазан айында Арқалық қаласына жылдағы дәстүр бойынша Түркия мемлекетінен арнайы қари алдырылды.

Стамбул қаласынан келген Айдын Бақша есімді қари енді бір ай бойы құранды толық оқып, хатым түсіреді.

«Қариымыз жас, білімді, өте сауатты адам. Кеше тарауық намазына қатысты. Бүгін барша ораза ұстаған мұсылман баласының аузы берік. Қасиетті рамазан айы барша адамзат баласына қайырлы, құтты, берекелі болсын. Елімізде жақсылық болады деген ниеттеміз. Халық қуанып жатыр. Рамазан айын толық аяқтап шығуды нәсіп етсін. Қасиетті айда қайырымдылық істерімізді көбейтсек дейміз. Мұқтаж жандарға садақа беріп, жанашырлық танытқанымыз жөн. Арақ-шарап ішілмесе, сатылмаса нұр үстіне нұр болар еді. Елдің бірлігі, ынтымағы үшін қызмет қылсақ бұл біздің адами құндылықтарымызды сақтау жолындағы теңдесі жоқ ісіміз болар еді», – дейді Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Бақтыбай.

Ораза айының құрметіне қаладағы «Достар» дәмханасында ел ағалары, кәсіпкерлер өзге де қалталы азаматтардың көмегімен бір ай бойы ауызашар берілмек.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

                                                                        рқа

лық қаласы.

Жаңалықтармен бөлісу