Арқалыққа бір вагон көмек келді

Арқалыққа бір вагон көмек келді

«АМАNАТ» партиясы Орталық аппаратының қолдауымен Арқалық қаласына Абай облысынан бір вагон гуманитарлық көмек келді.

Бұған дейін мұндай көмектер көтерме жол арқылы жүк көліктерімен жіберілсе, енді міне, жол қатынастарына байланысты вагонмен жеткізіліп отыр.

Оған азық-түлік, алғашқы кезектегі қажетті тұрмыстық заттар тиелген.

«Көп кісілер үйсіз-күйсіз қалды. Жатақханаларда тұрып жатыр. Бізге осындай жағдайда көмек көптік етпейді. Біздің күшіміз бірлікте. Бәріміз бір болып қиындықты еңсеріп жатырмыз. Су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатқан партияластарымызға, әріптестерімізге және барша қайырымды жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз», – дейді «АМАNАТ» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Тасмағанбет.

Гуманитарлық көмектер «АМАNАТ» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының жәрдемімен мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу