«АМАNАТ» партиясы Арқалыққа гуманитарлық көмек жеткізді

 «АМАNАТ» партиясы Арқалыққа гуманитарлық көмек жеткізді

Бүгін Арқалыққа «АМАNАТ» партиясының атынан гуманитарлық көмек ретінде бір фура жүк жеткізілді.

Қазіргідей қысылтаяң шақта айтып келмейтін апаттың шеңгеліне аман қалған халыққа әрбір көрсетілген көмектің маңызы зор.

Төтенше жағдайға түсіністікпен қараған ел елдігін көрсетіп, бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік танытуда.

 «Бұл «АМАNАТ» партиясының Торғай жұртына Қостанайдан жинаған көмегі. Бұл көмектің басы деп айтуға болады. Менің білуімше, Астанада да осындай жәрдем жиналып жатыр. Ол алдағы екі-үш күнде келеді. Үкіметтен, жергілікті биліктен де көмек болады. Үйлерді қалпына келтіру, мал шығынын өтеу жөнінде, бірақ қазіргі таңда азғантай күнге бүкіл дүние – мүлкінен айрылып қалған халыққа алғашқы гуманитарлық көмектер жиналып жатыр. «АМАNАТ» партиясы кеше осындай ұсыныс жасап, біз белгілі бизнесмендердің жинап жіберген көмегін жеткізіп тұрмыз. Әрине, халық қиналып жатқан шақта көмек көрсетілуі керек. Апат кезінде бәріміз бір ел, бір халық екенімізді көрсетіп, көмек қолын созудамыз. Құдайға шүкір ел-жұрт аман қалды. Еңбастысы адамдардың амандығы. Үйлерді, дүние-мүлікті қалпына келтіреміз», – дейді «АМАNАТ» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл.

Жеткізілген көмекті «АМАNАТ» партиясының «Жастар рухы» қанаты, қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және қаланың ерікті жастары түсіріп, жинастыру үстінде. Қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, «АМАNАТ» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Тасмағанбет, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков, «Жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Қожахметовтер өздері бас болып жәрдемдесіп жүр.

Азық-түлік, киім-кешектер су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға таяу аралықта таратылып берілетін болады.

 

Суреттерді түсірген автор.

 

Арқал

ық қаласы.

Жаңалықтармен бөлісу