Арқалық жұрты бірлік күнін атап өтті

Арқалық жұрты бірлік күнін атап өтті

«Бірлік – ел тірегі» атты Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт қала тұрғындары мен қонақтарын көңілді думанға бөледі.

Бүгін Қазақстан халқы үшін – ұлы мереке. Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.

Бұл күн — бірлік, келісім мен достықтың мейрамы. Ұлтаралық татулық пен ынтымақтың арқасында бүгінде еліміз тыныш, халқымыз аман.

Салтанатты шақта қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

«Жүзден астам ұлттың панасы, бейбітшілік пен келісімнің символы Қазақстан үшін бұл ерекше мейрам саналады. Қазақстан халқының бірлігі күні қонақжай халқымыздың дархан мінезін, жайдары көңілін баршаға паш ететін тамаша мереке. «Береке бастауы – бірлік, ел іші — тату тірлік» деген қағиданы берік ұстанған дана халқымыз қашанда бірліктің құнын жақсы білген. Содан да болар ортақ мақсатқа, яғни еліміздің гүлденуіне үлес қосып келе жатқан өзге ұлт өкілдеріне әрқашанда құрметпен қараған», – деп атап өтті мерекелік құттықтауында қала әкімі Әмірхан Асанов.

Мереке күні орталық «Наурыз» алаңына қала мектептерінің жанындағы ұлттық орталықтардың этно қалашықтары орналастырылды. Дала сахнасы тақырыпқа сай халықтардың достығы бейнеленген баннер мен гүлдермен және түрлі — түсті жалаушалармен безендірілді.

blank

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Арқалық қалалық мәдениет сарайының жанынан құрылған көркемөнерпаздар мен «Студенттік көктем-2026» фестивалінің гала концерті көрермен назарына ұсынылды.

Күлдірген Шоқпытова,

Қала тұрғыны, зейнеткер:

blank

«Жақсы концерт тамашалап жатырмыз. Мерекеміз құтты болып, берекеміз арта берсін. Ел — жұрттың амандығын тілейміз. Мен Торғайдың Аралбай ауылынанмын. Бес баланың анасымын. Арқалыққа көшіп келгенімізге алты жылдай уақыт болды. Қаланың биылғы 70 жылдық мерейтойы құтты болсын. Арқалығымыз көркейіп келе жатыр. Немере-шөберелерімнің қаланың жаңарған кейпін көріп, асыр салып қуанғаны зор бақыт. Еліміздің бірлігі ортаймай, Президентіміз, ел басқарған азаматтарымыз аман болып, ортақ үйіміз — Қазақстанымыз көркейіп, гүлдене берсін».

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

Арқалық қаласы