Арқалық: Желаяқтар жарыс жолында

Арқалық: Желаяқтар жарыс жолында

ХХХІХ облыстық жазғы спартакиадасы аясында жалауын көтерген жарыстардың бірі жеңіл атлетика.

Таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен орталық «Жігер» стадионында жарысқа қатысушылар төрешілердің тезінен өтіп, жарыс жолында бақтарын сынап жатыр.

Жыл сайын облыстың қала – аудандары арасында сынға түсетін байрақты бәсекеге әркімнің-ақ тыңғылықты дайындалып келетіні белгілі. Соған сай желаяқтар жарысы әртүрлі қашықтықтар бойынша жанкүйерлердің қаумалауымен қызықты әрі тартысты өтуде.

Жарыс жолында ерлер және қыз балалар жеке-жеке сөреде сап түзеп, төрешілердің мәре белгілеуін естісімен баптары мен бақтарын сынға салып, жандарын сала жүгіруде.

Алайда, жарыстың аты жарыс бірінің озып, бірінің қалып келетіні айтпаса да түсінікті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Жеңіл атлетика жарысына екпінді қатысып жатқан командалардың бірі көршілес Амангелді ауданының спортшылары. Олар бапкерлерін қосқанда жарыстың осы түріне 15 спортшыны үкілеп әкелген.

blank

«Жарыс уақытымен өтіп жатыр. Кеше бәрі куә болды ұзақ қашықтықтар жүгіріп кетті. 5 мың метрден ер балаларымыз жақсы нәтиже көрсетті деп ойлаймын. Қазіргі таңда 9-шы орында тұрмыз. Өкінішке орай қыз балалар жағынан дайындықтарымыз аздау болып қалды.  Міне, енді спортшылардың ұшқырлығын сынайтын қысқа қашықтықтардағы жарыстар басталып жатыр. 800 және 100 метр қашықтықтарда үздік нәтижеге қол жеткіземіз деген үмітіміз бар. Ылғи жақсы спортшыларды әкеліп тұрмыз. Жалпы, ауданымыз спорттың барлық түрлерінен жарысқа белсене қатысуда. Ат спорты түрлеріне де үлкен дайындықпен келді. Спортшылардың қандай нәтиже көрсететініне уақыт төреші», – дейді Амангелді ауданының жеңіл атлетика бойынша бас бапкері Алмас Жармағанбетов.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                              Арқалық қаласы