Арқалық қаласының 10 ауылдық мектебіне STARLINK жоғары жылдамдықты интернет желісі қосылды

Арқалық қаласының 10 ауылдық мектебіне STARLINK жоғары жылдамдықты интернет желісі қосылды

Республикалық ғарыштық байланыс орталығы Арқалық қаласына қарасты 10 ауыл мектебіне STARLINK жоғары жылдамдықты интернет желісін қосты.

Олардың ішінде Ашутасты, Восточный, Родина тірек ауылдары бар.

Қазіргі таңда Восточный жалпы білім беретін мектебінде 156 бала білім алады. Мектеп алды даярлық сыныбына 24 бала барады.

«Мектебімізге жоғары жылдамдықты инетернет желісін орнатып берді. Бұл үлкен қуаныш. Балалардың сабақ оқуына, қосымша сабақтарға дайындалуына өте жақсы болды», – дейді Восточный жалпы білім беретін мектебінің директоры Ербосын Сүттібаев.

Мектеп компьютер сыныбымен жабдықталған.

Онда жас маман Жеңіс Ағыбайұлы дәріс береді.

Бұған дейін өңір мектептеріндегі интернет жылдамдығы 8 Мбит/с болса, енді жаңа желі іске қосылғаннан кейін ол 100 Мбит/с артып отыр.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген автор

Арқалық қаласы

 

 

Жаңалықтармен бөлісу