Сенатта өңірлердің бюджеттік дербестігі талқыланды

Сенатта өңірлердің бюджеттік дербестігі талқыланды

Сенатта «Өңірлердің бюджеттік дербестігінің деңгейі, тексеру комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтері туралы» дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты. Өз кезегінде вице-министр өңірлердің бюджеттік дербестігін күшейту туралы айтты. Ол жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігі бойынша болжау әдіснамасын жетілдіре отырып, түсім көздерін кеңейту жөнінде кешенді шаралар қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Соңғы жылдары жергілікті салықтардың жиналуы өсті, бұл әкімдердің салық жинауға қызығушылық принципі жұмыс жасайтындығын айқын көрсетуде. Қосымша кірістер алынбайды, олар өңірдің иелігінде қалады. Жалпы өңірлердің орталыққа тәуелділігі біртіндеп төмендеуде. Міндет – бұл пропорцияны мүмкіндігінше азайту, – деді Б.Омарбеков.

Сонымен қатар негізгі игіліктерге теңдей қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін ең төменгі базалық нормативтерді белгілеу және бекіту, бұған қоса бюджетті жоспарлау кезінде өңірлік стандарттар жүйесін қолдану көзделіп отыр.

Өткен жылы оларды іске қосу үшін мемлекеттік органдармен инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым саласындағы нормативтік актілерді тексеруге қатысты жұмыс жүргізілген болатын.

t.me/presseconomy

Жаңалықтармен бөлісу