Арқалық музейі Торғай даласына тағзым жасады

Арқалық музейі Торғай даласына тағзым жасады

Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» музейінің бастамасымен Алаш арысы М.Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ» ізімен…» атты экспедиция жолға шықты.

Экспедицияшылар алғашқы қадамын Аманкелді ауданының аумағындағы Кейкі батыр кесенесінен бастады. Ердің ері, мергендігімен, әділдігімен, отаршылдыққа қарсы күресімен танылған Кейкі Көкембайұлының мәңгілік мекеніне аялдап, зиярат етті.

Аудан орталығында А. Иманов атындағы мемориалдық музейіне барып, батыр бабамыздың ерлігімен етене танысты.

blank blank Үрпек ауылында әлемге әйгілі геоглифтерге назар аударды. Геоглифтерді суреттен, ғаламтордан көргенмен, жанына барудың орны бөлек. Былай қарағанда жай жазық жер секілді болып көрінгенімен, қыран биігінде жер бетіндегі жұмбақ өрнектер — шын мәнінде ежелгі өркениеттің ізі екенін аңғартады.

blank blank blank Жалпы, сапардың көздеген мақсаты – Міржақып бабамыздың ізімен жүру. Экспедиция мүшелері ұлт ардақтысының кіндік қаны тамған «Асқар күздігі» мен халқымыздың заңғар тұлғасы мәңгілік тыныстаған «Бидайық» елдімекенінде болды.

Торғай төрінде: Ыбырай Алтынсарин, Нұрхан Ахметбеков, Шақшақ Жәнібек, Әліби Жанкелдин, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы сынды заңғар тұлғалардың музейлерін аралап, байрақты бес музейден рухани азық алып қайтты.

blank blank blank blank blank blank blank

«Біз бұл сапарды көптен күтіп жүрген едік. Жоспар құрылған күннен бастап жүректе бір толқу, ерекше тебіреніс болды. Өйткені, бұл — киелі Торғайдың терең тарихына тағзым жасау, ұлт зиялыларының ізі қалған қасиетті мекенмен сырласу болатын», – дейді «Дала өлкесі тарихы» музейінің басшысы Рауан Терек.

Музей ұжымы экспедицияға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған кәсіпкер Ерден Социалұлына, көлікпен қамтамасыз еткен Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының басшысы Нұрлыбек Сапабекұлына, сондай – ақ Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызына, Аманкелді мемориалдық музейінің басшысы Кәмшат Жарылғапқызына, Қызбел ауылының әкімі Қайсар Сұлтанбекұлына зор алғыстарын білдіреді.

 

                     Мұрат Жүнісұлы

Арқалық-Аманкелді-Торғай