Арман Әбенов: “Өңірде су тапшылығының  қаупі жоқ”

Арман Әбенов: “Өңірде су тапшылығының  қаупі жоқ”

Бүгінде  облыста  жер үсті және жер асты су ресурстарының жылдық қоры  2,2 млрд текше метр шамалас.

Тұрғындарға, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына арналған он бір  су қоймасы жұмыс істеп тұр. Онда толтырылған судың жалпы мөлшері 64%-ке тең.  Бұл 891,7 миллион текше метр тіршілік нәріне пара – пар.

“Жаңа су қоймаларын салудың қажеті жоқ. Өйткені, қолданыстағы бар  ресурстар облыс халқының және экономикалық саланың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. Өңірде су тапшылығының  қаупі жоқ”, – деді кеңесте облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Сонымен қатар, облыстың ірі кәсіпорындары  айналымды сумен қамтамасыз етілген. Яғни, 390 млн м3-дей  бұрын пайдаланылған су тазартылып, өндіріс қажеттілігіне қайта беріледі.

 

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу