“Көрісу күні – Амал мерекесінде” тұрғындар бір-бірін көктемнің сәтті басталуымен құттықтап, жақсы тілектер айтады, аға ұрпаққа құрмет көрсетеді.
Бұл күнде дәстүр бойынша жылы құшақ жая амандасу, аға буыннан бата сұрау, бір-біріне жақсы тілектер айту әдетке айналған.
Бүгін тұрғындар ежелгі дәстүрге қосылып, таңертеңнен бастап үлкен туыстарына, әріптестеріне, құрметті адамдарға барып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр
Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұжымы мемлекеттік қызмет ардагері Әсия Махмұтқызы Дуанбаеваға барып, жемісті жұмысы мен қоғамдық белсенділігі үшін алғысын білдірді.
Әсия Махмұтқызы ішкі саясат саласында жұмыс істеді, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі болды, жас әріптестерімен бөлісетін мол тәжірибесі бар.
О жастар ресурстық орталығының өкілдері Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Қасымхан Алдабергенұлының үйіне ат басын тіреді.
Қасымхан ата өмірінің көп жылдарын «Қостанай таңы» газетінде тілші және мұғалім болып жұмыс істеуге арнады. Осылайша өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосты.
Жастар ардагерге шағын сыйлықтар дайындады, құрмет пен алғыс сөздерін білдірді, сондай-ақ батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдады.
Көрісу күні адамдар арасындағы жылы қарым-қатынасты, аға және жас ұрпақ арасындағы байланысты сақтауға мүмкіндік береді.