Редакция ұжымы Қасымхан Алдабергеновті құттықтады

Редакция ұжымы Қасымхан Алдабергеновті құттықтады

Бүгін “Көрісу күні — Амал мерекесіне” орай “Қостанай таңы” газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы бастаған ұжым өкілдері ғасыр жасаған абыз ақсақал, қарт майдангер, қазыналы қаламгер, ардагер журналист Қасымхан ата Алдабергеновті құттықтай барды.

Ардақты қарияның шаңырағына ізгі тілек-лебіздерін айтып, зайыбы екеуіне дәмді сый-сияпат қоржынын табыс етті. Мерейі өсіп мейірленіп қалған Қасымхан ата алғысын жаудырып, ақ батасын берді.

Қарашаңырақтың аға буынымен арада емен-жарқын әңгіме өрбіп, жылы жүздесу естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Жаңалықтармен бөлісу