29 мая, 2025
«Арамызда Стамбул» романтикалық комедиясы ұтыс иегері атануға мүмкіндік ұсынады

«Арамызда Стамбул» романтикалық комедиясы ұтыс иегері атануға мүмкіндік ұсынады

Киносүйер қауымға жағымды жаңалық! «Еуразиялық банк» АҚ-ның демеушілігімен түсірілген «Арамызда Стамбул» фильмі көрерменге жол тартты.

Романтикалық комедияның оқиғасы Қазақстан мен Түркияда өрбиді. Басты кейіпкер – ауқатты отбасынан шыққан жігіт өз жағдайын сүйіктісінен жасыруға мәжбүр болады, себебі бойжеткен бай ортаның жігіттерін ұнатпайды. Ақиқат ашылғанда, қос ғашықтың тағдыры қалай өрбитіні – фильмнің негізгі өзегі.

Премьераны тамашалаған облыстық мәслихат депутаты «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина әсерін бөлісті.

«Фильм ерекше әсер сыйлады. Көрермендер залында бәріміз күліп, қол шапалақтап отырдық. Сценарий өте тартымды, бірден баурап алады. Ұлан мен Әсел секілді білімді, іскер, саналы жастар өмірде көп болса екен деп тіледім», – деді ол.

Фильмнің басты рөлдерінде Рауан Ахмедов, Аружан Тимурқызы, Айбек Жағыпар және Дамели Бектұрсынова ойнайды. Картинаның режиссері – Нұржан Еркінұлы. Фильмнің премьерасы 2025 жылдың 6 ақпанында өтті.

Бұл туынды көрермендерге тек жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ерекше науқанға қатысуға мүмкіндік береді.

Ұтыс ойыны: 500 000 бонус және эксклюзивті сыйлықтар
6 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Арамызда Стамбул» фильміне билетті «Еуразиялық банктің» картасы арқылы сатып алыңыз, сонан соң:

Билеттің суретін Instagram Stories-ке жүктеп, @eurasianbank @tiger_films_kz @aramyzda_stambul аккаунттарын белгілеңіз.
Сізге жеке қатысушы нөмірі Direct арқылы жіберіледі.

Науқан кезінде Instagram профиліңіз ашық болуы керек.
Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. Нәтижелер 2025 жылғы 11 наурызда сағат 15:00-де @eurasianbank аккаунтында тікелей эфирде жарияланады.
Кино көріп, жүлдеге ие болыңыз!