Ақындар тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмегін берді (ВИДЕО)

Ақындар тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмегін берді (ВИДЕО)

Тасқын судан зардап шеккен Қызылжұлдыз және Екідің ауылының тұрғындары Арқалық политехникалық колледжінің жатақханасына орналастырылып, барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Атап айтқанда, Қызылжұлдыз ауылынан 62 адам қиын жағдайды басынан кешкен. Оның ішінде 35 – і бала. Ал Екідің ауылынан 1 ересек адам назарға ілікті, жапа шеккен 6 бала бар.

Қайырымдылық іске еріктілер сапында ақындар қауымы да ат салысты.

Айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев бастаған ақындар азық-түлік, киім-кешек түріндегі көмектерін су тасқынының зардабын тартқан тұрғындарға табыс етті.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу