Аманкелдідегі төтенше жағдайға байланысты ауыл азаматтары жан-жақтан барып жәрдемдесіп жатыр.
Сол ауданның тумасы кәсіпкер Аслан Дабылов та елде қиын ахуал орын алып жатқанда қарап отыруды жөн көрмепті.
“Қасымда Дәурен Мүңкебаев, Мейрам Керейбаев екі серіктестігім бар. Үшеуміз қосылып азық-түлік алып келіп жатырмыз. Туып-өскен елдің амандығы алаңдатып отыр”, – дейді Аслан Дабылов.