12 мая, 2025
Ақкөл ауылының тұрғындары әскери қызметкерді туған күнімен құттықтады

Ақкөл ауылының тұрғындары әскери қызметкерді туған күнімен құттықтады

Жанкелдин ауданы Ақкөл ауылының тұрғындары су тасқынына қарсы күреске атсалысып жатқан әскери қызметкерлерге алғыс білдіріп, олардың бірін туған күнімен құттықтады.

Қиын сәтте көмекке келген жандарға ризашылығын білдірген ауыл тұрғындары мерекелік көңіл-күй сыйлап, жылы лебіздерін жеткізді.

Осындай батыл да жанқияр жандарға алғысымыз шексіз!