Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

«Маусым айының үшінші жексенбісі – елімізде ерекше күн. Бұл адам өмірінің арашасы, үміт пен шипа сыйлаушы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Тобылдың толқыны тербеткен, ұлт ұстаздары мен ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті Қостанай өңірі – еңбегімен елге танылғаазаматтардың мекені. Осы мерекеге орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов ақ халатты абзал жандарды құттықтап, наградаларды табыс етті.

«Бүгін біз қоғамда ерекше орны бар – медицина саласы қызметкерлері күнін атап өтудеміз. Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз өте маңызды әрі қадірлі. Мемлекет Басшысы «денсаулық сақтау саласы еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі», – деп атап өтті. Бүгінде облыстың денсаулық сақтау саласы дамып, жаңа мамандармен толығуда. Мемлекет тарапынан медицина қызметкерлін қолдау және медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде», – деді облыс басшысы.

Биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 133,2 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты.  Бұл 2022 жылға қарағанда 1,6 есеге жоғары екен.

blank blank blank blank blank

Әкімнің айтуынша, облыста 438 медициналық ұйым жұмыс істейді. Онда 13 мыңнан астам маман еңбек етеді. Олардың шамамен 1,8 мыңын дәрігерлер құрайды екен.

Соңғы 3 жылда 34 медициналық нысан салыныпты.

blank

«Жаңа дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер бұрын ауыл деңгейінде болмаған ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиотерапиялық құрылғылармен жабдықталды. Заманауи құрал-жабдықтардың арқасында тұрғындар аудандық немесе облыстық орталықтарға бармай-ақ, уақытылы әрі сапалы медициналық көмек, емдеу және оңалту қызметтерін ала алады. Профилактикалық тексерулер мен скринингтік бағдарламалармен қамту деңгейі артты», – деді әкім.

Заманауи медициналық инфрақұрылым ауылдағы өмір сүру жағдайларын жақсартуға, халықтың қанағаттану деңгейін арттыруға және медициналық кадрларды тұрақтандыруға ықпал етпек. Жеке инвестициялар есебінен «Life Clinic» медициналық орталығы, Қостанай қаласындағы Юбилейный шағынауданында және Қостанай ауданының Тобыл қаласында емханалар ашылды. Жақын арада Қостанай ауданының Заречный кентінде аудандық емхана өз есігін ашады.

blank blank blank blank

Жітіқара ауданындағы емханаға реконструкция жұмыстары аяқталды. Арқалық және Жітіқара қалаларындағы аудандық ауруханаларға жүргізілетін реконструкциядан кейін олар көпбейінді ауданаралық медициналық орталықтарға айналады. Мұнда магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараттары мен ангиографтар орнатылады. Биыл Арқалық медициналық колледжін реконструкциялау және Амангелді мен Жангелдин аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салу басталады. Облыста екі балаларды оңалту орталығының ашылғанын ерекше атап өтті. Соның бірі – республикадағы ең ірі аутизмі бар балаларға арналған орталық, оған мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын қосыңыз.

«Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы 34 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінді. Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға шамамен 13,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Біз кезең-кезеңімен арнайы техникалар паркін ауыр медициналық жабдықтармен толықтырып келеміз. Осы жылы алғаш рет онкологиялық ауруханаға «Қазақстан халқына» қорының 2,6 млрд теңге қаражаты есебінен сызықтық үдеткіш орнатылды. Аурухана үшін МРТ және компьютерлік томография (КТ) аппараттары сатып алынды», – деді әкім.

Облыстық және Рудный қалалық ауруханалары үшін 2 ангиограф алынды. Жедел жәрдем қызметінің автопаркі 50 жаңа реанимобильмен толықтырылды. Нәтижесінде медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 90 пайызға жетті. Облысқа медициналық кадрларды тарту жұмыстары жалғасын тауып келеді.

«Дәрігерлерді жан-жақты қолдау – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Осыған байланысты олар үшін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шаралары қарастырылған. Оларға көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй беру және тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу кіреді», – деді облыс басшысы ол туралы.

Айтпақшы, көтерме төлем мөлшері мынадай сатыларға бөлінеді екен.

Мәселен, қалаларға келгендерге – 3,5 млн теңге, ауылдық жерлерге және Арқалық қаласына келгендерге – 5 млн теңге, Амангелді және Жангелдин аудандарына келгендерге – 7 млн теңге қаржы қолма-қол беріледі..Биыл бұл сомаларды басшылық тағы да ұлғайту жоспарланып отыр. Ал ауылдық жерлердегі аса тапшы мамандық иелері үшін 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Тек 2025 жылдың өзінде облысқа 300 -ден астам дәрігер келіпті. 120-дан астам маманға 446 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, 100 медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда 142 маманға тұрғын үй сатып алуға 1 млрд теңгеден астам көлемде бюджеттік несие беріліпті.

«Жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Біздің дәрігерлер Қазақстанның жетекші медициналық орталықтарында ғана емес, шетелдерде де білімін жетілдіруде. Соңғы 3 жылда 50-ге жуық медицина қызметкері Израильде, Түркияда, Францияда, Ресейде және Беларусьте оқудан өтті. Олар пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи технологияларын меңгеруде. Резидентурада оқыту үшін облыстық бюджет есебінен 185 білім гранты бөлінді. Қостанай жоғары медициналық колледжі мен Арқалық медициналық колледжінің өкілдеріне ерекше алғысымды білдіремін. Дәл сіздер орта буын медицина қызметкерлерінің негізгі құрамын даярлап отырсыздар. Медицина бүгін де ең құрметті әрі сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып қала береді. Жыл сайын денсаулық сақтау саласын өз болашағымен байланыстыратын жастар саны артып келеді», – деді облыс әкімі.

Мәселен, облыстағы медициналық колледждер түлектерінің саны 376-дан 620 адамға дейін өскен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы үш жылда дәрігер тапшылығын 67 пайызға қысқартуға қол жеткізілді. 312 маманнан 101 маманға дейін төмендеді.

«Әрбір аман қалған жанның артында сіздердің білімдеріңіз, еңбектеріңіз бен мамандыққа деген шексіз адалдықтарыңыз тұр. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында соңғы 3 жылда өлім-жітім көрсеткіштері азайды. Біз күн сайын өз денсаулығымызды, кейде тіпті өмірімізді сіздерге сеніп тапсырамыз. Сіздер адамдарға үміт сыйлап, денсаулығын қалпына келтіріп, аса жауапты әрі абыройлы жұмыс атқарып келесіздер! Сіздердің еңбектеріңіз жоғары кәсібилікті, төзімділікті және зор рухани күшті талап ететіні сөзсіз. Бүгін азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауды өздерінің өмірлік мұратына айналдырған, кәсіби шеберлігі мен жанқияр еңбегі арқылы аса құрметке ие болған ардақты дәрігерлерімізге ерекше ризашылық білдіргім келеді», – деген облыс басшысы денсалық саласына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Ықылас гүлін табыс етті.

blank blank blank blank blank blank blank  blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Денсаулық сақтау ардагері, Қостанай облысының денсаулық сақтау жүйесінде 44 жыл еңбек етіп келе жатқан Қаратай Жайсанбаевқа «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Қаратай Сұлтанұлы еңбек жолын киелі Торғай жерінен бастағанын айтады.

blank

«Оқу орнын бітірісімен мені Арқалық қаласына жіберді. Ол жақтан тамаша достар таптым. Одан облыстық ауруханаға ауыстырды. Біздің кезімізде солай партия айтқан жаққа жүре беретінбіз. Кейін темір жол уруханасына келіп, табаны күректей қырық жылға таяу еңбек еткен екенмін. Уақыт деген осы, зымырап өтіп жатыр», – дейді Қаратай Сұлтанұлы ақсақал.

Гүлсара Көкжанова да осындай марапатқа ие болған жандардың бірі. – бүгінде Денсаулық сақтау саласында 46 жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан Гүлсара Болатқызы – Қостанайдағы №1 емхана  бас дәрігердің орынбасары. Кәсіпорнының медициналық қызметтердің сапасын бақылап жүрген білікті маман өзіндей жастардың өсіп келе жатқанына қуанады.

blank

«Ертең ізімізді басатын жастар бар екеніне қуанамын. Еңбек жолымның қалған бөлігін сол буынды тәрбиелеуге жұмсағым келеді. Елу жылдың ішінде түсінгенім, дәрігер қауым өмір бойы оқып өтеді екен. Адам өміріне арашашы болу табандылықты талап ететін мамандық. Жастарға осыны айтқым келеді», – дейді Гүлсара Болатқызы.

Сол бебепті болуы керек, бір жерде ұзақ еңбек ету осы дәрігерлерге бұйырған ба деп кейде ойлап қаласың. Мәселен, қалалық арухананың анестезиолог дәрігері  Сергей Хван осы салада 56 жылдан бері аянбай қызмет етіп келе жатыр. Оған осы табандылығы үшін «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.

blank

«Өзімі бәрі кеше ғана болған секілді. Жұмысымыз қауырт болғандықтан ба, уақыттың қалай зымырап өткенін білмей де қалыппыз. Әріптестерім де мені қамқор санайды, ешқашан қия алмайтыны жанарларынан көрініп тұр. Ұжымға әлі де берерім көп пе деп есептеймін», – дейді ол.

Иә, адам өмірінің арашасы болып, денсаулық сақшысы атанған жандардың ғұмыры осынысымен қызық әрі бағалы. Әрқашна өлшеусіз құрметке лайық. Еліміздің жұлдыздары келіп, кешті ән мерекесіне айналдырды.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Олардың кәсіби тәжірибесі, адал еңбегі мен парасатты ұстанымдарының арқасында денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істеп, дамып, халық игілігіне қызмет етіп келеді.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев