Анамдай адам болмайды…

Анамдай адам болмайды…

Әлемдегі  ең сұлу, көрікті  жан-жағына нұры мен шуағын  тарататын – менің анам. Анам біздің өмірге келуімізге себепші болған аяулы ұстаз ана. Бізді тоғыз ай құрсағында көтеріп дүниеге әкелді, үйдегі әпкем, қарындасымды ештеңеге мұқтаж қылмай  өсіріп жеткізіп келеді. Сәби кезімізде бізді  құшағына қысып, ақ сүтін беріп, өсірген жан иесі  – анам. Барлық батырлар мен ақын жазушылар алып тұлғаларда анадан туылған. Аналардың  алдында әрқашанда қарыздармыз. Отбасымызда әпкем немесе қарындасым мен ауырғанда түн ұйқысын төрт бөліп,біз тәуір болғанша амандығымызды тілеуші жанымыз. Біз қанша қателік жасап, ренжітсек те бізді кешіре білетін махаббаты шексіз жан. Бірақ кейде анамыздың жақсылықтарын ұмытып та кететініміз бар. Анамыздың бір ауыз сөзін көтере алмай қарсы келетін  күндерімізде аз емес. Бірақ  анамыз біраздан соң  “әкем-ау сол, жүрегім, алтындарым сол” деп құшағына қысқанда барлығын сол сәтте ұмытып кетеміз. Менің анам – Салтанат Өмірханқызы  барлық жақсылыққа лайықты жан. Бір өзі үйдің тірлігін, сырттың  шаруасын қарап, мектепте оқушыларға білім беріп, өз баласынан кем көрмей, жанына терең бойлай алатын ұстаз-ана. Менің анам өте байсалды, Сонымен қатар қолынан келгенше көмегін аямайтын, ағайын-туыстар мен жанындағы достарына, әріптестеріне қол ұшын беріп, көмек көрсететін жан, сонымен қатар жиырмадан  астам жылдан бері мектеп қабырғасында сүйікті оқушыларын білім нәрімен сусындатып келе жатқан асыл анам. Анама деген махаббатымды сөзбен жеткізе алмаспын. Мен отбасында жалғыз ұл болып өскендіктен,  анама қатты еркелеп өстім. Бірақ анашым еркелігімді басып ақыл-кеңесін айтып отырады. Маған осы жасыма дейін көп нәрселерді үйретті. Демалыс күндері таза ауаға  коньки теуіп, дүкен аралап, демалып қайтамыз. Анам мәңгі қасымда болғанын қалаймын. Анаммен өткен әрбір күнім мен үшін үлкен бақыт деп білемін. Менің анам  жан-жақты адам. Бір орнында отыра алмайтын, барлығына мейлінше үлгеріп жүреді. Отбасымның ұйытқысы, берекенің бастауына айналған анашым туралы айта берсем таусылмас. Мен осындай анамның барына Аллаға шүкір, тәубе деймін. Бізге жарық өмір сыйлаған аналарымыздың алдында қашанда қарыздармыз. Анамызды қадірлейік, жамандық көрмесін, біздің қуаныш-тойларымызды көрсін деп тілеймін. Анамызды қадірлейік, барында бағалайық!

Анашым, мен сені қатты жақсы көремін!

Бекзат Саулетұлы Тілеуғабыл,

Амангелді  жалпы  білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы

Амангелді ауданы   

Жаңалықтармен бөлісу