Ертең Аманкелді ауданында туристік кешен ашылмақ. Осыған орай аудан орталығында мәдени іс-шаралар басталып кетті.
Аудандық мәдениет үйінде өңірдің ұлы тұлғалары жайында сыр шертетін көрме ашылды.
Облыстық қазақ драма театрының әртістері “Сыған серенадасы” қойылымын көрермендер назарына ұсынды.
“Айтулы оқиға ертеңге жоспарланған. Кешеннің қақ ортасында Сұлтан Бейбарыс ескерткіші бой көтерген болатын. Осы зәулім монумент салтанатты түрде ашылады. Сонымен қатар жады қабырғасы да елдің, жердің тарихымен танысушыларды бейжай қалдырмайды деп сенеміз”, – дейді аудан әкімдігінен.
Бұл да болса елінің аяулы тұлғасы, жиһанкез Сапар Ысқақовтың бастамасымен қолға алынып отырғанын айта кетейік.
Туған жерін көркейтетін осындай азаматтардың қатары көбейе бергей.
Айбек Таңатбаев
Аманкелді ауданы