Аманкелді ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салына бастады

Аманкелді ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салына бастады

Бүгін Аманкелді ауданында су тасқынынан жарамсыз болып қалған тұрғындарға жаңа баспана салу құрылысы басталды.

Казіргі таңда 18 үйдің ірге тасын қалауға онға жуық құрылыс компаниясының мердгерлері кірісті.

Баспана құрылысы аудан орталығының «Тойтөбе» жағындағы Қасымханов көшесінде бой көтеретін болады.

 

Жаңа баспана салу құрлысының басталуымен жиналғандарды аудан әкімі Талғат Карбозов құттықтады.

Құрылыс басында үйлері суға кеткен тұрғындар жүр. Олар өздерінің жаңа баспанасына қуанып лебіздерін білдіруде.

“Мен Жалдама көшесі, 7 үйдің тұрғынымын. Су тасқыны кезінде үйім суға кетіп, баспанасыз қалдым. Бүгін 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай су тасқынын зардап шегіп баспанасыз қалғандарға мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай баспана салынайын деп жатыр. Осыған дейін ел халқының қайырымдылығының арқасында назардан тыс қалмадық. Барлық жағдай жасалды. Өзім сияқты су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың атынан алғыс білдіремін”, – деп аудан тұрғыны Таңатар деген азамат үй салатын жерге қазығын қағу рәсіміне қатысып, қуанышымен бөлісті.

Жалпы ауданның басжоспарына сәйкес аудан бойынша 29 үй салынады деп жоспарланған.

Қалған үйлердің құрылысы Байғабыл, Қарасу, Есір, Ағаштыкөл ауылдарында салынатын болады.

 

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу