Аманкелді ауданында шетел азаматы құтқарылды

Аманкелді ауданында шетел азаматы құтқарылды

Бүгін таң сәріде Тәжікстан азаматы Ресей жақтан жолаушылап келе жатып, Степняк ауылының тұсындағы топан суға батып қалған.

Жолда қалған көлік ішінде өрімдей үш баласы, әйелі болған. Үсті-басы малмандай, жалаңаяқ қалпында құтқарып алған Аманкелді аудандық ТЖБ аудандық полиция бөліміне тапсырды.

 

Олардан дереу 24/7 жел штабы қабылдап алып, жастардан құралған волонтерлік штаб гуманитарлық көмек көрсетті. Медициналық тексерістен де өткізілді. Қазір жапа шегушінің жағдайы қалыпты. Аудан азаматтарына ризашылығын білдірді.

Жаңалықтармен бөлісу