Аманкелді ауданының 1990 жылғы жігіттері үнемі атымтай жомарттығымен көзге түсіп жүреді. Қиналғанға демеу, сүрінгенге сүйеу бола білген ел азаматтары көпке үлгі. Таяуда көліксіз жүрген құрдасына темір тұлпар мінгізді.
«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр» дейді деген керемет сөз бар. Данияр бауырымыздың көліксіз жүргенін көріп шыдап отыра алмадық. Тұлпар ер жігіттің қанаты. Қазіргі таңда жаяу жүру қалтаға ауыр салмақ салады. Соны ескеріп, досымыз Даниярға көлік мінгізуді ұйғардық. Астана, Қостанай және ауылдағы жігіттер бірден келісіп, бірлік танытты. Даниярға айтпай, тосын сый ретінде ұйымдастырдық. Бұл шынайы бауырластығымыз бен адал достығымыздың қасында түкке де тұрмайды», – дейді Аслан Боранбайұлы.
Ойламаған жерден көлікке ие болған Данияр Тайшықовтың достарына айтар алғысы шексіз.
«Біріншіден, маған осындай ақ пейілді достар сыйлаған Аллаға шүкір. Мәселе дүниеде емес. Біздің 90 жылғы жігіттер әуел бастан-ақ ауданда ұйымшылдықпен танылған. Әрдайым елдің алғысына бөленіп жүр. Достарыма мың алғыс, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Осындай тәрбие берген ата-аналарымыз аман болсын», – дейді Данияр Төлегенұлы.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ