Аманаттықтар  “Көрісу күні – Амал меркесін” атап өтті

Аманаттықтар “Көрісу күні – Амал меркесін” атап өтті

«КІТАП-AMANAT» мәдени-ағарту орталығында «Асыл мұра аманаты» қоғамдық қоры ұжымымен бірлесе “Көрісу күні – Амал мерекесі” тойланды.
Құттықтау сөз алған облыстық филил төрағасы Алмат Досмұхамедов жиналған қауымды мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірді.

“Бүгінде «АMANAT» партиясы өзінің Саяси тұғырнамасында тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларды ары қарай да жалғастыра беретінін баса көрсетті. Осы мерекелі күннің біздің облыстық филиалымыз үшін басты ерекшелігі, партиямыздың қатары бір топ белсенді азаматшалармен толыққалы отыр. Бүгін келіп, мерекеміздің шырайын кіргізгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздермен осы бағытта жұмысты одан әрі жалғастырамыз деген үмітіміз зор, – деді Алмат Досмұхамедов.

Бұдан кейін партия қатарында қабылдау өтті. Төраға әр белсендіге партия билеті мен гүл шоқтарын табыс етті.

Ұлттық киім киіп, мерекелік көңіл күйді алып келген апа-әжелер салт-дәстүрлерді назарға ұсынып, домбыраның құлағында ойнап, бұратылып би биледі.

Сонымен қатар қазақтың ұлттық киімін дәріптеп, сән көрсетілімін жасады. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санында оқи аласыздар.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу