Большая Чураков ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан құрылыстың жалпы құны 439,8 млн теңге.
«Қазіргі уақытта кәріз жүйесі тартылып, электрмен, сумен жабдықтау, жылыту, ішкі әрлеу жұмыстары бітіп қалды. Аумақты абаттандыру қолға алынуда. Ғимараттыосы жылдың 1 желтоқсанына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр», – деді аудан әкімі өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Аудан көлемінде құрылыс жұмыстарын іске асыру шеңберінде биыл 1544 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілген. Орындалған құрылыс жұмыстарына 5 млрд-тан астам қаржы жұмсалды.