11 июня, 2025
Алтынсарин ауданына жасанды интеллект бар камералар енгізілді

Алтынсарин ауданына жасанды интеллект бар камералар енгізілді

Алтынсарин ауданының аумағына 40 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 9-ы озық интеллект жүйелерімен жабдықталған.

«Бұл камералар құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге, іздеуде жүрген адамдар мен көлік құралдарын тануға мүмкіндік береді. Осындай технологияларды қолдану аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, құқықбұзушылықтардың алдын алудағы жұмыстың тиімділігін күшейтеді», – дейді полиция бөлімінің мамандары.

Интеллектуалды камералар қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз етіп, қоғамдық орындардағы жағдайды бақылау деңгейін жоғарылатпақ.

 

Гүлмира ҒАБЖАЛЕЛ

ҚӨУ студенті