Қостанайдағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында «Көңілді бастау» атты спорттық мерекелік іс-шара өткізілді.
Бұл спорттық жарыс қана емес, сонымен бірге ұжымдық рухты нығайтуға, достықты, өзара сыйластықты және бірлікті насихаттауға бағытталған маңызды басқосу.
Спорттық іс-шараға БЖСМ ұжымы толықтай қатысты.
Мектеп директоры Берік Додановтың айтуынша, мұндай іс-шаралар ұжымдық бірлікті нығайтуға сеп. Сондай-ақ ол сындай сипаттағы игі бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
«Алғыс айту күні өзара көмек және бірлік құндылықтарын дәріптейді. Бұл баға жетпес асыл құндылықтар өмірде ғана емес, спортта да маңызды», – деді ол.
Қатысушылар екі топқа бөлініп, арқан тартыс, 100 метрлік жүгіру және басқа эстафеталарда жарысты. Бәсекелестік өте тартысты болды, бірақ соңында жеңіске достық жетті.
Айбол Өміртаев,
Жанболсын Ноғаев,
ҚӨУ студенттері