Бейімбет Майлин ауданының Валерьянов ауылындағы №746 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс бергендердің бірі – Прилипко Руслан.
«Бұл – менің азаматтық өмірімдегі маңызды қадам. Өз таңдауымды жасап, елімнің болашағына үлесімді қосқаныма қуаныштымын», – дейді Руслан.
Жас сайлаушы үшін бұл күннің орны ерекше. Ең маңызды сәттердің бірінде оны әкесі ертіп келіп, азаматтық таңдау жасауына қолдау көрсетті. Әке мен бала үшін бұл – есте қаларлық, мағыналы күн. Алғашқы дауысын берген Руслан өз таңдауын жасап қана қоймай, ел болашағына деген жауапкершілігін де танытты.
Шұға Қоңқабай
