Алғаш рет дауыс берді

Алғаш рет дауыс берді

Науырзым ауданы Раздольный ауылының №658 сайлау учаскесіне сайлаушылардың арасында кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс бергендер де бар. Олар сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап, өз таңдауларын жасауда.

Кристина Волкова бірінші рет сайлауға қатысты. Ол алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
«Сайлауға бірінші рет қатысқан соң қобалжу бар. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым», – деп пікірімен бөлісті Кристина.
Дауыс беруге алғаш рет қатысқан сайлаушы кәдесыйға ие болды.

Жаңалықтармен бөлісу