Альбина Алданыш «Арқалық аруы – 2024» онлайн байқауының жеңімпазы атанды 

  Альбина Алданыш «Арқалық аруы – 2024» онлайн байқауының жеңімпазы атанды 

Бірінші орынға Ұлжан Бөлеген, екінші орынға Жаннұр Сатыпалды, 3 орынға Мәдина Жауғашты есімді бойжеткендер ие болды.

Ереже бойынша байқауға қатысушыларға үш түрлі фото-сурет жіберу талабы қойылды. Атап айтқанда, қазақтың ұлттық киімі, келін бейнесі және заманауи келбет.

Осылайша, үміткерлердің арасынан ең көп лүпіл жинаған 4 ару финалға өтті. Ақтық мәреде тағы да дауыс беру арқылы «Арқалық аруы – 2024» жеңімпазын анықтау үшін бәйгенің екінші кезеңі жарияланды. Нәтижесінде «Арқалық аруы -2024» онлайн байқауының бас жүлдесін қала тұрғыны Альбина Алданыш жеңіп алды.

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

«Барлық қатысушыларымызға алғысымызды айтамыз. Табиғаттың әсемдігі аруларымызға шабыт берсін. Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдікке толы мезгіліндей әр күндері күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын», – дейді байқаудың ұйымдастырушылары атынан Арқалық қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» директоры Данияр Қожахметов.

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу