Алаяқтықтың жаңа түрі: сақтанудың қандай жолдары бар?

Алаяқтықтың жаңа түрі: сақтанудың қандай жолдары бар?

Облыстық  полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы тұрғындарға алаяқтық әрекеттердің алдын алу жөнінде жадынама таратып жатыр. Онда интернет желісі ақпарат алмасудың аса ірі құралы бола отырып, қылмыстың өсуіне де ықпал ететіні көрсетілген. Өңірлік коммуникация алаңында басқарманың бөлім бастығы Олжас Мағырапов  осы интернеттегі сауда-саттық кезінде  сатып алушының алаяқтық белгілері туралы айтты.

Мәселен,  сатып алушы сізден толық карта деректемелерін,  жарамдылық мерзімі мен CVC кодының атауын сұрайды.

«Осы деректердің көмегімен ол сіздің картаңыздан интернетте оңай төлем жасай алады. Сатып алушы сізден ұялы телефоныңызға төлем жасау үшін қажетті  түрлі кодтарды беруіңізді сұрауы мүмкін. Интернеттен сатып алу кезінде сатушының алаяқтық белгілерін мекенжайы мен сол мезеттегі телефонын жасырып, электрондық пошта немесе жедел хабар алмасу арқылы  байланысқа шығуды ұсынғанынан байқай аласыздар!», – деп атап өтті Олжас Мағырапов.

Басқа сатушылардағы аналогтармен салыстырғанда,  тауарының  бағасы тым төмен.  Бұл кезде сатушы толық немесе ішінара алдын ала төлемді талап етеді.

“Алаяқтар ақшаны курьерге тапсыруды, оны картаға, ұялы телефон нөміріне аударуды талап етеді., Сізден банктік картаңыз туралы ақпарат алуға тырысады. Ол үшін  банкоматқа баруды ұсынады және  қандай да бір операциялар жасатып, хабарлауды сұрайды. Мысалы, телефонға келетін кодтар. Кіріс қоңырауды алған жағдайда, әңгімелесуші өзінің шынайылығына сенімділік берсе де, әңгімені тоқтату керек», – деп ескерте кетті басқарманың бастығы.

Алаяқтар адастырудың психологиялық әдістеріне ие немесе жәбірленуші мен оның жақындары туралы ақпаратқа ие. Ұқсас жағдайлары Интернет желісінде де кездеседі, бірақ көмек туралы хабарлама туысының жалған парағынан әлеуметтік желідегі хабарлама арқылы беріледі.

Алынған ақпараттың дұрыстығына күмәнданған кезде жақын адамдарыңызға хабарлама келген адамның атынан қайта қоңырау шалып, картада немесе шартта көрсетілген телефон арқылы банкке хабарласыңыз,  ыңғайы келсе, банктің жақын жердегі бөлімшесіне бару керек.

Банк ешқашан телефон арқылы клиенттің картасы туралы мәліметтерді сұрамайды. Алаяқтық қоңырау түскен кезде бұл факт туралы дереу полицияға хабарлау қажет. Егер алаяқтық кезінде, телефон арқылы сөйлесу барысында қылмыскер банк картасы туралы ақпарат алса, онда картада көрсетілген телефон арқылы қоңырау шалып, картаны бұғаттайды. Алаяқтық жасалған күні Банкке ақшалай қаражатты картаға қайтару туралы өтінішпен жүгіне аласыздар. Операция жасалған күні карта иесі даулаған болса, банк ақшалай қаражатты қайтаруға міндетті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу