Қарағанды мен Павлодар облыстарында өрт сөндіріліп жатыр. ТЖМ кеше Қарқаралы ауданындағы өртті сөндіру кезінде ПЧ-24 аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хайрат Хали қаза тауып, тағы төрт адам жараланғанын хабарлады.
Теректі ауылында жедел штаб құрылып, Қарқаралы ауданы мен Қарағанды облысының әкімдері оқиға орнында жүр.
Өрт 6 қазанда Қарағанды облысындағы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөптің тұтануынан басталған. Оқиға орнына орман шаруашылығы бөлімінің өрт сөндірушілері, ТЖ қызметкерлері және ерікті өрт сөндірушілер келді. Штаб жұмысына 386 адам тартылған.
Алғашқы күні өрт аумағы 3000 гектардан асқаны белгілі болды, бұл шамамен 4200 футбол алаң. Құтқарушылар әуеден тексеру жүргізіп, өрт орнындағы жағдайды бағалады.
Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов қазір әлеуметтік желілерде түрлі көмек ұйымдастырып жатқандар туралы ескертті.
«Қазір әлеуметтік желіде қаржы жинау, көмек көрсету туралы ақпарат таралып жатыр. Жауапты адамдарсыз ұйымдастырылған көмек дұрыс емес екенін ескерткім келеді. Қазір күш-құралдар жеткілікті. Сарбаздардың тамағы, демалатын орындары, жанар-жағар маймен толық қамтамасыз етілген», – деді ол Instagram парақшасында.
ТЖМ екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кіру жолдарының болмауы өртті сөндіруді қиындатып отырғанын айтады.