Әулиекөл ауданында із-түссіз жоғалған азамат аман-есен табылды

Әулиекөл ауданында із-түссіз жоғалған азамат аман-есен табылды

Қоскөл ауылы Терсек елді мекенінің үшінші бөлімшесіне қарай 55 жастағы ер адам трактормен шығып, байланыссыз қалған болатын.  Алаңдаған туыстары төтенше жағдай қызметкерлеріне көмекке жүгінген.

Қостанайлық құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді. Жоғалған ер адам аман-есен табылды.

“Ол кісіге медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне бірден хабарлаңыздар”, – деп ескертеді ТЖД.

Жаңалықтармен бөлісу