«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» облыстық байқауын өткізді деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасынан. Байқауға әр өңірден 14 үміткер қатысты.
Үміткерлер үш кезеңде де қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергендерін көрсетті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейлерін, сөздерді дұрыс айтып жеткізу және толыққанды жауап бергендерін бес балдық жүйемен бағалай отырып, жеңімпаздарды анықтады.
3 – орынды қарасулық Шахзодхужа Джамиров, Алтынсарин ауданынан келген Айгүл Достиярова, амангелділік Гүлім Тұрмағанбетовалар иеленсе,
2- орынды қамыстылық Гүлжан Ыбыраева, Рудныйлық Эльмира Абдикаримова иеленеді.
Торғайлық Айдана Қапарова жеңімпаз атанды.