Таяуда ғана «Алтын домбыра» иегері атанған даңқты жерлесіміз, «Айтыс ақтаңгері», ұстаз, ғалым Айбек Қалиев Арқалық қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Айбек Қалиев – көрнекті айтыс ақыны, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Мәдениет саласының үздігі». Жалпыға жақсы таныс жаңа депутат Арқалық қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында таныстырылып, Арқалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетов жақында өткен сайлау қорытындысын жария етті.
Халық қалаулысына депуттаттық куәлігі мен төс белгісін салтанатты түрде табыстады.
Айбек Киікбайұлы 1978 жылы 19 ақпанда Торғай облысы, Жангелдин ауданының Тәуіш ауылында дұниеге келген. Қаратүбек орта мектебі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Халықаралық, респубуликалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Айбек Қалиев 26 қазан 2025 жылы Арқалық қаласында өткен сайлау нәтижесінде қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, жеңіске жетті.
Сессияның күн тәртібінде депуттатар қарауына бірнеше мәселелер ұсынылып, яғни қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамын бекіту, түрлі ұйымдар ұсынған азаматтарға «Арқалық қаласының құрметті азаматы» атағын беру тәрізді мәселелер қаралды.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
