ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның жұмыс сапарымен Қостанайға келді.
Сапар барысында ол Достық үйіне барып, Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесу өткізді. Жүздесу аясында бірқатар мәселелер, соның ішінде Қостанай Ассамблеясының азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік, мәдени жобаларды іске асырудағы тәжірибесі талқыланды.
Аида Балаева Президенттің ҚХА-ның 32-ші сессиясында сөйлеген сөздерінің басты тезистеріне тоқталды. Сондай-ақ, ол Қостанай облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелерімен жолықты. Кездесу барысында әйелдер мен балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау саласында өзекті проблемаларды шешу, отбасы институтын нығайту бойынша өңірлік комиссияның рөлін күшейту мәселелері талқыланды.