Лисаковтық ару жігітімен жанжалдасып қалып, өзіне қол салмақ болған

Лисаковтық ару жігітімен жанжалдасып қалып, өзіне қол салмақ болған

Қостанайлық полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Лисаков қаласының «102» пультіне Әйет өзенінің жартасында бір қыздың тұрғаны, суға құлап кетуі мүмкін екендігі туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері Сейл Құрбанов пен Әйтен Шайдановтың құрамындағы автопатруль жіберілді. Олар қызды жедел тауып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

«Біз айтылған орынға уақытында келдік, өйткені 18 жасар қыз күйзеліс жағдайында болды. Оның биік жағалауда тұруына жас жігітпен жанжал себеп болған», – деді Сейіл Құрбанов.

Қыздың әкесі патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын айтты. Қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу