Таяуда Сербия елінде ММА-дан әлем чемпионаты өткен еді. Дүниежүзінің алпыс елінен жекпе-жекшілер қатысқан айтулы додаға Жітіқара ауданынан барған ағайынды Ыдырысовтар олжалы келді. Ыдырыс ( атасымен аттас екен) 68,5 келідегі қарсыластарының арасында үздік деп танылды. Алтын медальді еншілеген бауырының жолын Шыңғыс қола жүлдемен түйіндеді. Ыдырыс пен Шыңғысты туған жері құшақ жая қарсы алды. Аудан әкімі Нұржан Өтегенов қос батырды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бұл туралы Жітіқара ауданының әкімдігі хабарлады.