Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде облыстық семинар ұйымдастырылды. Оған облыстағы колледждердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәрбие психологтары қатысты.
Түстен кейін қонақтарға Әулиекөл аудандық жастар ассамблеясының жобасы ұсынылды. Колледж фойесінде этномәдени орталықтардың көрмесі тамашаланды.
«Әулиекөл өңірінің жастар ассамблеясы» жобасы облыстағы білім беру мекемелері арасында бірінші болып қолға алынды. Жобаға қатысушылар – Әулиекөл өңірінің жастары мен Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері.
Іс-шараға Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қасқабаев пен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Уразбаев та қатысты.
Аталған жобаның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрметті депутаты, колледж директоры Альмира Жансүгірова Жастар Ассамблеясының аудан, облыс өміріндегі алатын орны, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.
“Әулиекөл аудандық жастар ассамблеясының барлық жұмысы өскелең ұрпақтың бойына қазақы патриотизм сезімін оятып, нағыз қазақы патриотизм бейнесін қалыптастыруға бағытталған. Азаматтық қоғам институты ретіндегі қызметі ел Президенті айтқан барлық бастамаларды жүзеге асыруда. Ол өмір сүрген жылдар ішінде өзінің маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдеп, көпұлтты қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналды”, – деп атап өтті Альмира Жансүгірова.
Әулиекөл ауданы