Әулиекөл-Сұрған тас жолында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Әулиекөл-Сұрған тас жолында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Қостанай-Әулиекөл -Сұрған автожолының 24 шақырымында 36 жастағы Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, 1977 жылы туған ер адамның басқаруымен LADA Kalina көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Оқиға салдарынан, Lada Kalina жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды, жүргізуші мен кәмелетке толмаған төрт жеткіншек ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша “Абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Volkswagen Transporter жүргізушісі Қостанай қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлігі тәркіленіп, мамандандырылған тұраққа қойылды.

Облыстық полиция департаменті

Жаңалықтармен бөлісу