Қостанай қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жаңадан ашылған әуенді субұрқақтың уақытша тоқтағанын хабарлады.
«Құрметті қала тұрғындары! Алдын алу жұмыстарын жүргізуге және орталықтағы әуенді субұрқақтың тостағанын жууға байланысты оның жұмысын 31.08 – 3.09.2023 ж аралығына дейін үш күн мерзімге тоқтата тұру жүргізіледі» делінген хаттамада.