Әскери қызметін өткерген азаматтарға арналған білім беру гранттарына квоталар бекітілді

Әскери қызметін өткерген азаматтарға арналған білім беру гранттарына квоталар бекітілді

Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру мақсатында ағымдағы жылы Мемлекет басшысы мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға білім беру секторында және жатақханада орын алу басымдылығына, сондай-ақ кредиттік демалыс ұсыну сияқты жеңілдіктерді заңнамалық түрде бекітті.

Қабылданған заңнамада жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарына квоталар бекітілді.

«Қабылданған түзетулерге сәйкес, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің кредиттік міндеттемелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін қарыз бойынша сыйақысыз 60 күндік кезең ұсынылады», – деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев ОКҚ алаңында өткен абспасөз конференциясында.

ortcom_kz

Жаңалықтармен бөлісу