Ән мен күйі, ас пен сыйы — бәрі тамаша! Қостанайда Наурыз тойы басталды (фоторепортаж)

Ән мен күйі, ас пен сыйы — бәрі тамаша! Қостанайда Наурыз тойы басталды (фоторепортаж)

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы облыс орталығында дүркіреп өтіп жатыр. blankblankҚала орталығында ине шаншар жер жоқ, халық қарасы қалың. Көпшілік мерекені сағынып қалғаны сезіледі. Арқа-жарқа қауышып, бір-бірін құттықтасып жатқан жұрт. Мейрам облыс әкімдігі алдындағы басты сахнадағы театрландырылған концертпен басталды. blankblankblankӨңір басшысы Құмар Ақсақалов көпшілікке құттықтау лебізін жолдады.

«Баршаңызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы — Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Тарихы тереңде жатқан бұл ғажайып мереке жаңа өмірдің бастауы саналады. Бұл —дастарханға ақ толатын, елімізге бақ қонатын, берекеміз шалқитын күн. Биылдан бастап бүкіл ел болып, Ұлыстың ұлы күнін жаңаша, ерекше сипатта атап өтудеміз. Наурыз еліміздегі жаңару мен жаңғырудың басты нышанына айналып отыр. Берекеміз артып, қуаныш-шаттығымыз ортаймасын, ағайын!» — деп лебізін жолдады облыс әкімі.

blankОдан ары өңірдің табысы мен жетістігін, жоба-жоспарларын мәлімдей өтті. Бұдан соң мейрамның бас кейіпкері Қыдыр ата төрге шығып, мейрам көрігі қыза түсті.blankblankblankblankblankblankblankblankblankblank Орталыққа отыз шақты киіз үй құрылған. Әр ақ үйдің маңайында да ән-күй шарықтап, дәм ұсынылып жатты. Облыс әкімі киіз үйлерді аралап, дәмнен ауыз тиіп, игі тілегін айтып шықты. blankblankblankblankblankblankТойлы алаңда көрер қызық аз болмады. Думаншыл қауымға облыстық филарммнияның, қалалық «Мирас» мәдениет үйінің, облыстық Балалар шығармашылық үйінің өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты. Ұлттық нақыштағы әртүлі ойын-сауықтар ұйымдастырылып, жарыстар өтіп жатыр.
Қостанайдағы Наурыз тойы туралы газетіміздің алдағы нөмірінде тарқатып жазатын боламыз.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев