22 мая, 2025
«Әлі көп отбасы көмекке мұқтаж». Мичуринде эвакуация жүріп жатыр

«Әлі көп отбасы көмекке мұқтаж». Мичуринде эвакуация жүріп жатыр

Тобыл өзенінің ернеуінен көтеріліп, жан-жағындағы шағын елді мекендерді су басып жатыр.

Бүгін Мичурин ауылындағы 9 үйдің ауласы көлге айналғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Елді мекенінің 75 адамы қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Оның 13-і — балалар.

14 үйдің 90 бас малы аман қалды.

«Әлі де көмекке мұқтаж отбасылар бар. Бірақ көбі үйлерін қимай, эвакуациядан бас тартып жатыр. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары су келгенге дейін жүргізілді. Әлі жалғастыратын боламыз. Бізге еліміздің әр адамының өмірі қымбат», – дейді Қостанай ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.