Әкімдер сайлауы басталды

Әкімдер сайлауы басталды

Бүгін елімізде тұңғыш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдерді халық өздері таңдайды. Өңіріміз бойынша жұмыстарын бастаған барлық 194 сайлау учаскесінде  әнұран ойнады.

Облысымызда бұл сайлауға Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары мен Рудный қаласынан жалпы саны 17 адам өз кандидатураларын ұсынған. Олардың бесеуі «Аmanat» партиясынан екенін айтсақ, бір-бір үміткерден Қазақстан халық партиясы мен «Respublica» партиясынан. Қалғаны өзін-өзі ұсынып отыр.

Аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау әзірге пилоттық жоба ретінде ұсынылғанын айта кетейік.

Жаңалықтармен бөлісу