Осыдан екі жыл бұрын “Әділдік жолы” атты республикалық қоғамдық бірлестік өз қызметін кеңейтіп, еліміздің әр өңірінен, оның ішінде Қостанай облысынан да өз филиалын ашқан болатын.
Тілшіміз осы бірлестіктің жұмысымен кеңірек танысып қайтты. Былтыр «Әділдік жолы» РҚБ Қостанай облыстық филиалы 200-ден астам өтініш қараған. Нәтижесінде үш қылмыстық іс қозғалып, тоғыз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірлестіктің араласумен 75 млн теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделген. Ал, биыл үнемделген қаржы – 17 млн теңге.
Бірлестік 2020 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының «Әділдік» тұғырнамасын қолдау мақсатымен құрылған. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.