Абаттанады, жөнделеді, салынады

Абаттанады, жөнделеді, салынады

Биыл Рудныйда 38 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, екі көп пәтерлі тұрғын үй мемлекеттік және жеке инвестиция есебінен қалыпқа келтіріліп, халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар қоныстанған.

            Кеншілер қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 31,4 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 54,8% көп.

            – Осы жылы 13,9 шақырым жылу желілері жөнделіп ауыстырылды. Нәтижесінде магистральдық жылу желілерінің тозуы 50%-дан 40,3%-ға дейін  төмендеді. 3,7 шақырым апаттық су құбыры желілері ауыстырылды, – дейді Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко.

Келер жылы Рудныйда және Қашар кентінде су құбырын қайта жаңарту үшін 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ал қаланың өзінде бірнеше көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

            – Фролов, Корчагин көшелеріне орташа жөндеу. Лебедин, Верхняя, Фабричная, Васильковая көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Ленин, Парковая, Горняк, Марита көшелерінің және Комсомольский даңғылының жол төсемін жөндеу бойынша жобалық-құндық құжаттаманы әзірлеу 2024-2025 жылдары іске асырылады, – деді қала басшысы.

Балалар алаңдарын абаттандыру және салу жұмысы да тоқтамайды. Биыл 8 балалар спорт-ойын алаңы жасалған. “Туған қала” жобасы аясында 12 жоба іске асқан.

            – Қалада 252 аула бар. 2019 жылдан бері 84 балалар алаңы орнатылды. Сондай-ақ, 168 аулада алаңдар салу қажет. Бұл бағытта жоспарлы  жұмыс жалғасатын болады, – дейді В.Ионенко.

Аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатымен 1692 адамға 158,1 млн теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленген.

            – Тіркелген жұмыссыздар саны  – 604 адам. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге 3776 адам жүгінді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 3058 адамға көмек көрсетілді. Тұрақты жұмыс орындарына 1931 адам, қоғамдық жұмыстарға 527 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 89 адам, жастар практикасына 45 адам, “Күміс жас” жобасы бойынша 68 адам, “Алғашы жұмыс орны” жобасы бойынша 40 адам, “Ұрпақтар келісімшарты” бойынша 3 адам жұмысқа орналастырылды, – деді ӨКҚ алаңында өткен брифингте қала әкімі.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу