Қостанайда Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ халқының ұлы ақыны, аудармашы, композитор, дала кемеңгері Абай Кұнанбаевтың 180жылдық мерейтойына орай өткізілген «А.Құнанбайұлы шығармаларының өсиеті және рухани мұрасы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияға әр өңірден 100-ден астам жұмыс ұсынылып, оның 71-і секциялық отырыстарда таныстырылды.
Баяндамаларда А.Құнанбайұлының толық адам идеясы, нақылда назым сөздері және далалық сот жүйесінің басты рефооматорларының бірі, түркі жұртының текті перзенті тақырыптары кеңінен ашылды.
Пленарлық мәжілісте құрметті қонақтар, аға оқытушы, профессор, педагогика ғылымдарының магистрі, тіл жанашыры, еңбек ардагерлері, ақын ғалымдар қатысты.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығының КММ әдіскері Иманкулов Ермек мектепке Абай Құнанбаев есімі берілгені және іс- шаралар өтілгеніне тоқталды.
Соның ішінде Семей қаласындағы экспедиция кезінде мұражайдың маңызды екенін ерекше айтты.
«Абай Құнанбайұлының — далалық сот жүйесінің басты реформаторларының бірі сот жүйесінің дұрыс шешімдері мен нақтылықтары жайлы өңірімізге де осы тақырыпта кеңінен насихаттау керек екенін»,- айтты.
Баяндамашы Абдуллина Ардақ Әмірханқызы.
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетті» АҚ аға оқытушысы, профессоры, педагогика ғылымдарының магистрі, тіл жанашыры «Абай жолы» романында Абайдың сот процесінде әділ шешім шығаруы – оның ел арасындағы дана, әділ би, адамдықты бәрінен жоғары қойған тұлға екенін көрсететін негізгі эпизодтардың бірі қазіргі заманға үлгі, сондай үлгі істер көп болуы керек екенін айтты.
Конференция төрт секция бойынша өтті. Оқушылар мен педагогтар «Бала Абайдан-дана Абайға дейінгі өмір көші» (шәкірттік кезі, жігіттік шағы мен отбасын құруы, әншілігі мен композиторлығы, билікке араласуы кемеңгер абыз қарттығы) сахналық қойылым етіп көрсетілді.
Секция жұмысында Абайдың — далалық сот жүйесінің басты реформаторларының бірі, ақынның жастарды білім мен ғылымды игеруге үндеген шығармалары, шығармаларының көркемдік ерекшелігі, Абайдың өлеңмен әнге деген өзіндік талаптары, музыка саласына қосқан үлесі бағытында жұмыстары қорғады. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының мараппаттарына ие болды
Іс –шара қатысушылары Ұлы ақынның мұрсын , далалық сот жүйесінің басты реформаторларының бірі әділдік жолында дұрыс шешім шығарғаны ел жадында мәңгі сақталатынын ерекше атап өтті.
Айдана Сабыржанова
