Маңғыстау әкімдігі: Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек ресми қор арқылы қабылданады

Маңғыстау әкімдігі: Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек ресми қор арқылы қабылданады

Маңғыстау облысында әскери міндеттерін орындау кезінде Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету үшін облыс әкімдігі бірыңғай операторды белгіледі.

Бұл шешім азаматтардан, бизнес өкілдері мен ұйымдардан келіп түсіп жатқан көмек көрсету туралы өтініштерді жүйелеу, қаражат жинаудың бірыңғай ресми тетігін қалыптастыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында қабылданды.

Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы нысаналы мақсатқа сай жүргізіліп, ашықтық қағидаттары сақталады. Қордың қызметі мен қаржы қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.

Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері тарапынан 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек жиналды.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері арқылы аудара алады.

Маңғыстау облысының әкімдігі азаматтарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармау қажет.

Қордың ресми реквизиттері:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі

БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT