Қазақстандық ескекшілер алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық ескекшілер алтын медаль жеңіп алды

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден чемпион атанды.

Қазақстандық экипаж ерлер арасындағы рульсіз қос ескекті қайықпен жарыстың А финалында 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Күміс жүлде Қытай спортшылары Чуан Цао мен Мэншуай Янға бұйырды. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды.

Қола медальді Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев иеленді. Олардың нәтижесі — 6:32,34.

Осылайша, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстан құрамасына Азиада-2026-ның алтын медалін сыйлады!

📸 Нұрғали Жұмағазы