Ауыл шаруашылығы мен саудаға қатысты талаптар жаңарды

Ауыл шаруашылығы мен саудаға қатысты талаптар жаңарды

ЕЭК Кеңесінің отырысында аграрлық салаға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістіктерін далалық апробациялау әдісіне өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар карантиндік фитосанитариялық талаптар да жаңартылады. Өзгерістер қызанақ, бұрыш және баклажанға әсер ететін пепино мозаикасы вирусына қатысты шараларды оңтайландыруды көздейді.

Қазақстандағы карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейі сақталған жағдайда, аталған өнімдерде осы вирустың болмауы туралы талапты алып тастау жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, ағаштан жасалған қаптама мен бекіту материалдарына қатысты фитосанитариялық сертификатты міндетті түрде рәсімдеу талабы да жеңілдетіледі. Бұл үшін өнімде ЕАЭО талаптарында көзделген тиісті таңбаның болуы жеткілікті болады.

Үкіметтің айтуынша, мұндай өзгерістер ЕАЭО аумағында өнім өндіру мен сауданы жеңілдетіп, кәсіпкерлер үшін неғұрлым қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.