Чолпон-Атадағы «Көк бөрү» алаңында өткен шешуші кездесуде Қырғызстан құрамасы алғашқы минуттардан бастап басымдыққа ие болды.
Бірінші тайм 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Екі салымды Нұржан Мелисбек уулу, тағы бір-бір салымды Қыяз Ниязов пен Байтегин Өмүрбеков орындады.
Екінші таймда қырғыз шабандоздары басымдығын сегіз ұпайға дейін жеткізді.
Кездесудің қорытынды бөлігінде алаң иелері Қазақстан құрамасының тайқазанын тағы төрт рет дәл көздеді.
Қазақстандықтар бірде-бір нәтижелі лақтыру жасай алмады. Финалдың қорытынды есебі – 12:0, Қырғызстан құрамасының пайдасына.
